15 қараша күні Тиран қаласында Албанияның футбол құрамасы Қазақстанмен Ұлттар лигасының топтық кезеңінің 5 туры аясында ойын өткізді.
Матчтың нәтижесі бойынша 3-1 есебімен алаң иелері басым түсті. Қазақстан құрамасынан жалғыз голдың авторы Айбол Әбікен болды. Ұлттық құрама 1 таймның жартысына дейін 2-0 есебімен ұтылып жатқанда, ойынның 24 минутында орта алаңнан ойын басталған сәтте, Айбол бірден қақпаны дәлдеп гол салды.
Қарсылас құрамадан голдарды Сокол Чикаллеши (16 минут), Ардиан Исмайли (23 минут) және Рей Манай (61 минутта пенальти) салды.
Топтың қалған екі құрама арасында өткен матчта Белоруссия, Литва құрамасын 2-0 есебімен жеңді.
5 турдан кейін топта 10 ұпаймен Беларусия топ басында, Албания құрамасы 8 ұпаймен екінші орында, Литва құрамасында 5 ұпай, ал Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен 4-орында.
18 қараша күні 6 турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Литваны қабылдайды.