Каталониялық “Барселона” футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси 2018/19 маусымында Еуропадағы ең үздік сұрмерген атанды.
Осылайша аргентиналық футболшы алтыншы рет “Алтын бутсы” иегері атанды. Бұл марапатты Еуропалық спорт басылымдары қауымдастығы береді. Осы маусымда Испания чемпионатында 34 ойынға қатысқан Месси 36 гол салып, 13 нәтижелі пас шығарған. Ол Ла лигада сұрмерген және үздік ассистент атанды.
Vesti.kz хабарлауынша, маусымды қорытындылай келе, Мессиге осы марапатқа таласуға француздың ПСЖ командасының сұрмергені Килиан Мбаппе бәселекес болған, ол 33 гол салған.