Моуриньо “Реалды” жаттықтыруы мүмкін

0
127
Португалиялық жаттықтырушы Жозе Мауриньо

Испаниялық “Реал Мадрид” футбол клубы маусым аяқталған соң Жозе Моуриньоны бас тренер етіп, жылына 20 миллион еуро жалақы төлеуге дайын екендігін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.  

El Pais басылымының мәліметінше, “Реал” Моуриньоға бастапқыда 15 миллион ұсынған және командаға жаңа ойыншылар алып, күшейтетінін айтқан. “Реал” басшылығы Моуриньоның келісімін күтпестен жалақыны 20 миллионға көтерді. Тараптар арасындағы өзара ресми емес байланыс қазан айында басталып кеткен көрінеді.

Daily Mail хабарлауынша, испандық клуб “Манчестер Юнайтедке” 5 млн еуро өтемақы төлемеу үшін Моуриньомен шілденің 1-нен бастап жұмысқа кірісуді жоспарлап отыр.

Сейсенбі күні Моуриньоның “МЮ” бас тренері қызметінен кеткендігі ресми түрде хабарланды.

Моуриньо “Реалды” 2010-2013 жылдары жаттықтырған болатын. Сол уақытта клуб мемлекеттік кубокпен қоса Испания чемпионы атанған.

Қазіргі уақытта “Реал Мадридті” аргентиналық Сантьяго Солари жаттықтырып жатыр. Оның келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз