5 тамыз күні Токио Олимпиада ойындарында еркін күрестен 57 килоға дейінгі салмақтағы Нұрислам Санаев Қазақстанға 6 – қола медальді әкелді. Ол 3 – орын үшін болгариялық Георгий Вангеловке қарсы шығып, 5-1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Нұрислам жартылай финалда үндістандық Рави Кумар Дахияға ұтылып қалды. Ал оған дейін, ширек финалда жапониялық Юки Такахасиді, бірінші белдесуінде Гвинея және Бисау елінің палуаны Диамантину Иуна Фафені 7:0 есебімен жеңген еді.
Осылайша Қазақстан қоржынында әзірге 6 қола медаль. Оларды зілтемірші Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов және дзюдошы Елдос Сметов пен еркін күрестен Нұрислам Санаев жеңіп алды.