8 ақпанда латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев Пекиндегі Олимпиадада Абай Құнанбайұлының “Айттым сәлем, Қаламқас” өлеңімен қысқа бағдарламада өнер көрсетті.
Васильев олимпиададағы өнері үшін 85,30 ұпай жинап, 16-орынға тұрақтады. Денис Васильевті екі дүркін әлем чемпионы Стефан Ламбиэль жаттықтырады. Стефан Ламбиэльді кейбір БАҚ көздерінде марқұм Денис Теннің жақын досы екені айтылған.