10 ақпан күні филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоның (61-7-2, 39 КО) Эммануэль есімді 18 жастағы ұлы бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы XSport.ua сайты хабарлады.
Пакьяоның үлкен ұлы Лукас Карсон есімді жігітпен жолдастық жекпе-жек өткізді. Екі раундтық кездесу тең аяқталды. Пакьяоның тұңғышы бұл жекпе-жекке Лос-Анджелестегі Фредди Роучтің залында жаттықты. Дегенмен ол әзірше бұл спортпен кәсіби түрде айналысу туралы шешімге келген жоқ.
2000 жылы отбасын құрған Пакьяо мен жұбайы Джинкидің үш ұлы мен екі қызы бар.