Қазіргі дамыған заманда көп адам спортпен шұғылдануға аса құлықты емес. Оның себебі неде? Себебі бүгінгі қоғамда көптеген қажеттілік қол созым жерде тұр. Осы жағдайдың салдарынан адамдардың қимыл-қозғалысы азайып, жалқаулық белең алып барады. Соның нәтижесінде Қазақстанда, АҚШ-та және өзге де көптеген елдерде семіздік мәселесі жиі кездесуде. Бұл проблема бүгінде әр екінші адамға тән деуге болады.
Егер адамдар спортты өз өмірінің бір бөлігіне айналдырса, өмір сүруі де, қозғалу да әлдеқайда жеңіл болар еді. Мысалы, жеңіл атлетика – адам өмірінде үлкен рөл атқаратын спорт түрі. Бұл спорт арқылы өкпені, сондай-ақ жүректі дамытуға болады, соның арқасында түрлі аурулардың алдын алуға мүмкіндік туады. Біріншіден, өкпе қызметі жақсарады, екіншіден, жүректің соғу ырғағы қалыпқа келеді.
Әлемде мыңдаған спорт шеберлері бар, алайда олардың ішінде ең әйгілі тұлғалардың бірі – Усэйн Болт.
Усэйн Сент-Лео Болт 100 метр қашықтықты 9,58 секундта жүгіріп өтіп, бүкіл әлем жұртшылығын таңғалдырды. Осы жетістігінің арқасында ол жастар тілімен айтқанда, «живая легенда» атанып, көпшіліктің жадында сақталды. Алайда, өкінішке қарай, 2017 жылы бұл чемпион өзінің спорттық мансабын аяқтады.
Жеңіл атлетика – мен үшін жүрегімнің бір бөлігі.
Амина Амирова
11 “А” сынып оқушысы


























































