Жылдың үздік футболшысы – Лука Модрич

0
116
Лука Модрич/ Reuters

ФИФА 2018 жылдың ең үздік футболшысын атады. Дауыс беру нәтижесінде ең үздік футболшы болып Лука Модрич танылды. Модрич өз мансабында осымен төртінші рет УЕФА чемпиондар Лигасында жеңіс тұғырынан көрініп, футболдан әлем чемпионатының финалына дейін жетті. Еске салсақ, осы жылы футболдан әлем чемпионаты Ресейде өткен еді.

33 жастағы балқандық Модричтен өзге мысырлық Мұхаммед Салах (“Ливерпуль”, Ұлыбритания) пен португалдық Криштиану Роналду да (“Ювентус”, Италия)  үздік футболшы аталымына үміткер болды. Роналду 2015-2016 жж ең үздік футболшы болып танылған еді. Осы жолғы марапаттау рәсіміне Роналду да, шабуылдаушы, аргентинкалық Месси де келмеді. Месси қатарынан үш жыл бойы (2009-2011) үздік футболшы аталымын бермей келді.


Лука Модрич 1985 жылы Югославияда дүниеге келген. Хорватия азаматы. Өзінің кәсіби мансабын 2003 жылы “Динамода” (Загреб) бастаған. Кейіннен “Зриньски”, “Интер” , “Тоттенхэм” сынды футбол командаларында ойнаған. 2012 жылдан бастап “Реалда” ойнады. 2006 жылдан бастап Хорватия құрамасында ойын көрсетіп, 115 матчтың 14-де гол соққан.

2018 жылы Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатының соңғы марапаттау рәсімінде хорваттық Лука Модрич “Алтын доп” иегері атанды, француз Мбаппе 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік жас футболшысы атағына ие болды/Reuters
Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович және Лука Модрич/Reuters/2018 жыл, Ресей

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз