Цукерберг Facebook басшылығынан кете ме?

0
322
Марк Цукерберг

Facebook акционерлері компанияның бас директоры Марк Цукербергті төраға қызметінен алып тастау туралы ұсыныс жасады.

Бұған дейін компания басшысы әлеуметтік желі қолданушыларының жеке деректерін қолдануға қатысты ірі дауға қалған. АҚШ билігі Facebook желісі 2016 жылғы президенттік сайлау кезінде “жалған ақпарат” таратты деп айып таққан.

Цукербергтің компания жетекшілігінде қалуы немесе кетуі 2019 жылы мамыр айында өтетін акционерлердің жыл сайынғы жиынынан соң анықталады.

Марк Цукерберг кім?

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және басқару кеңесінің төрағасы. Филантроп. 2011 жылы оның жеке қаражаты $17.5 миллиард деп есептелді. Facebook негізін 2004 жылы Гарвард университетінің студенті кезінде қалаған болатын. «Time» журналы 26 жастағы Марк Цукербергті «Жыл адамы – 2010» атағымен марапаттады. Марк Цукербергтің атақ-абыройы «Әлеуметтік желі» фильмі экранға шыққаннан кейін арта түсті. Бұл фильм Facebook желісінің негізін қалаған жас жігіттің өз ісіне берік­тігін, еңбекқорлығын көрсетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз