Елбасының Финляндия Республикасына сапары

0
129

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасына сапары барысында бірқатар іскер топ өкілдерімен, сондай-ақ, рсепублика президенті Саули Ниинистемен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндияның Хельсинки қаласына барғаннан кейін фин телекоммуникация компаниясының басшысымен кездесті. Кездесу барысында тараптар байланыстың жаңа технологияларын, соның ішінде экономика салаларын цифрландыру және инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру барысында 5G стандартын енгізу мәселелерін талқылады.

Елбасы фин еліне сапары аясында елдің бизнес өкілдерімен кездесіп, сауда-экономика саласындағы маңызды шараларды талқыға салды. Жиын барысында Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда қатынасы туралы егжей-тегжейлі талқыланды. 

Мемлекет басшысы Хелсинкиде Финляндия басшысымен кездесіп, шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді.

Қазақстан Президенті журналистер алдында сөйлеген сөзінде қонақжайлық көрсеткені үшін Финляндия Президентіне ризашылық білдіріп, екі жақты ынтымақтастықтың 26 жылы ішінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар серіктестіктің жоғары деңгейіне жеткенін атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Финляндия Республикасының Экономикалық мәселелер және жұмыспен қамту министрлігі және Финляндия Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы Энергия және «жасыл» экономика саласындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Финляндия Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Мемлекет басшысы Финляндия Республикасына ресми сапарының соңында «Хиетаниеми» мемориалды кешеніндегі Карл Маннергейм бейітіне және фин солдаттарының бауырластар зиратына орнатылған «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қойып, фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз