28-29 қазан күндері Нұр-Сұлтанда Digital Bridge халықаралық форумы өтеді.
Жиында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин “Цифрландыру, инновациялар мен ғылым есебінен технологиялық серпін” атты ұлттық жобаланың тұсауын кеседі. Сонымен қатар халықаралық компаниялармен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылады.
Форум қазақстандық және халықаралық IT-
қоғамдастықтың 70 спикері сөз сөйлейтін 20-ға жуық сессиядан тұрады.
Халықаралық форумның биылғы тақырыптары венчурлық нарықты дамыту, IT-өнімді шетелге экспорттау тәжірибелері, цифрлық инклюзия, онлайн білім алу, IT-дегі әйел адамдар, GameDev индустриясын дамыту және т.б.
Digital Bridge алаңында технологиялық стартаптар Astana Hub Battle жарысында үздік стартап атағы үшін жарысады. Сонымен қатар қызығушылық білдірген барлық IT-стартаптар өз жобаларын цифрландыру вице-министрлеріне, ұлттық компаниялардың өкілдеріне, венчурлық қорлар мен ЦДИАӨМ еншілес ұйымдарының өкілдеріне ұсына алады.
Форумға қатысатын шетелдік қонақтар:
- Санджар Тароми – Plug and Play өкілдігінің басшысы;
- Кендрик Уайт – Marchmont Capital Partners бас атқарушы
директоры; - Юрий Рабинович – Tribe-V негізін қалаушысы мен басқарушы
директоры; - Анатолий Моткин – StrategEast стратегиялық орталығының
президенті; - Стив Коллар – SES жаһандық спутниктік оператордың бас
атқарушы директоры және әлемге танымал IT-
индустриясының басқа да мамандары.