Данияр Елеусінов Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізеді

0
154
Сурет: Newtimes.kz

18 желтоқсанда Рио-2016 олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады. 

18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында Данияр титулдық жекпе-жек өткізсе, Иван Дычко негізгі жекпе-жек өткізеді.

“Бұл чемпиондық жекпе-жекке жету үшін бүкіл команда аянбай тер төкті. Енді осы керемет жаңалықпен сіздермен бөлісудеміз. Бізге IBO ресми түрде мақұлдап, рұқсат берді. Қарсыластың есімі жақын арада белгілі болады және сол кезде ресми түрде хабарлаймыз”, – деді Данияр Елеусіновтың менеджері Зия Әлиев.

Осылайша, Елеусінов кәсіпқой бокстағы қазақстандық бесінші әлем чемпионы болуы мүмкін. Бұған дейін Геннадий Головкин (қазіргі – IBF, IBO), Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов және Василий Жиров әлем чемпионы атанған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз