50 мыңға жуық адам коронавирустан емделуде

0
127
Photo: Turar Kazangapov

28 қазанда денсаулық сақтау министрлігі елде 49 270 адамның коронавирустан ем қабылдап жатқанын хабарлады.

Соңғы мәлімет бойынша 50 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде тек 5 894 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 8 485 пациент стационарда, 40 785 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 594 адамның жағдайы ауыр, 152 адамның жағдайы өте ауыр және 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда 28 қазандағы ақпарат бойынша 1699 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 2284 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 27 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз