Қытай Айдың бұрын зерттелмеген тұсын зерттейтін жаңа аппарат жасағанын жариялады. Құрылғы биыл желтоқсанның басында ұшырылады деп жоспарланып отыр.
Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, “Чанье 4” аппараты Айдың Күн сәулесі жетпеген бөліктеріне “жеңіл қонып”, ақпарат жинайды.
Азаттық сайты жариялаған ақпаратқа сәйкес АҚШ ғарыштық бағдарламасын қысқартып жатса, Қытай керісінше, ғарышты игеруге көп күш салып жатыр.
Мамыр айында Қытай Айдың қашық тұстарынан мәлімет жинайтын “Цюэцяо” ғарыш аппаратын ұшырған.
Қытайдың Айды зерттейтін, ұшқышсыз басқарылатын алғашқы аппараты – “Юту” 2013 жылы желтоқсанда Айға қонған. Аппарат үш ай уақыт қана жұмыс істейді деп есептелгенімен, ол 2016 жылдың шілдесіне дейін Жерге ақпарат жіберіп тұрған. Бұл аппарат Айда ең ұзақ (31 ай) жұмыс істеген аппарат саналады.