«Astana Dausy-2018» халықаралық фестивалі

0
91

29 тамызда елордада «Голос Астаны – без границ!» (Астана дауысы – шексіз) ұранымен екінші «Astana Dausy-2018» халықаралық музыка фестивалі өтеді.

Барша әлем бойынша хиттері музыкалық чарттарда көш бастаған Еуропа, Азия және Американың 12 мемлекетінің үздік артистері «Барыс Арена» мұзайдын сарайында қазақстандықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Айта кетейік, фестиваль аясында танымал спортшылар, мәдениет қайраткерлері сахнаға шыққан әрбір артистке естелік ретінде ұлттық киім киіп, қолына күннің көзін ұстаған қыз түріндегі мүсіншелер табыстайды.

Биыл Astana Dausy фестиваліне Қазақстанның атынан еліміздегі танымал ерлер тобы Ninety One және қазақстандықтардың сүйікті әншісі Ерке Есмахан қатысады. Атап айтқанда, Грузиядан Сосо Павлиашвили, Швециядан – «Евровидение-2012» ән байқауының жеңімпазы Loreen бағын сынайды. Латвиядан Интарс Бусулис, Молдовадан – DoReDos, Армениядан – СЕВАК қазақстандықтарға жалынды сәлемдерін жолдайды. Сонымен қатар, өзбекстандық Согдиана, украиндық ALEKSEEV те белгілі әндерін орындайды. Ресейдің атынан тағы да теңдессіз Григорий Лепс қатысады.

Фестивальде арнайы қонақ ретінде Ани Лорак пен Филипп Киркоров қатысады.  Көрермендерді лазерлік шоу мен ұлттық нақыштағы ерекше инсталляциялар және көптеген тосын сыйлар тосып тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз