Қытайлық Xiaomi компаниясы ақылды көзілдірік шығарды

1
228

14 қыркүйекте қытайлық Xiaomi компаниясы жаңадан шығарған ақылды көзілдірік технологиясын таныстырды. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлады

Жаңа көзілдіріктің салмағы небәрі 51 граммды құрайды. Бұл көзілдірік арқылы қолданушы хабарламаларды, хабарландыруларды оқи алады. Онымен қоса, қоңырау шалуға, суретке түсіруге және алдыңыздағы өзге тілде жазылған мәтіндерді қажетті тілге аударуға болады.

“MicroLED оптикалық толқындарының озық технологиясы – сіздің көз алдыңыздағы болашақ”- делінген компанияның ресми сайтында.

Xiaomi ақылды көзілдірігі тек 2,4мм x 2,02мм дисплей чипімен жабдықталған. Микроскоптың астында дисплей өлшемі шамамен күріш дәнімен бірдей. Осылайша дисплейді көзілдіріктің жақтауына орналастыруына ыңғайлы болады. Бұдан бөлек құрылғыда төрт ядролы процессор, батарея, Wi-Fi және Bluetooth адаптерлері, камералар, сондай-ақ 497 түрлі сенсорлар мен әртүрлі модульдер бар. Xiaomi мұндай құрылғы уақыт өте келе смартфондардың орнын басады деп санайды.

Әзірге смарт көзілдіріктердің қашан сатылымға шығатыны хабарланбаған.

1 ПІКІР

  1. Мен ой қосар едім тиімді түрде көзілдірікті смарт жадсында емес білім жағына ыңғайлы етіп жасауды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз