Денсаулық сақтау министрлігі 15 қыркүйектегі коронавирус деректерін жариялады

0
60
Жедел жәрдем көліктері.

15 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстанда 2930 адамнан коронавирус табылды. 302 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 64 адам – коронавирустан, 13 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша ең көп науқас Алматы (612) қаласында және Қарағанды (340) облысында тіркелген. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (326) және Алматы (240), Ақмола (185), Павлодар (184) облыстары тұр.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 848 318 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 73122 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4700 адам қайтыс болған. 60006 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (–67 269 + және 8 416 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 335 пациент стационарда, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 1 136 адамның жағдайы ауыр, 350 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 198 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз