Қызылорда облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа алынды

0
133
Photo: sputniknews.kz

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы тергеу сотының дерегіне сүйенген БАҚ жазды.

28 наурызда жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Ысқақовты үйқамаққа алу туралы өтініш түсірген. Өтініші қанағаттандырылған.

Бұрынғы әкім Қылмыстық кодекстің 190 бабының (“Алаяқтық”) 4 бөлігі 2-тармағы бойынша (“аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық”) күдікке ілінген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қуанышбек Ысқақовпен бір мезгілде облыс әкімінің көмекшісі және екі кәсіпкердің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді. Соңғы аталған үш адамға қатысты әзірге ресми дерек жоқ.

Қуанышбек Ысқақов 2019 жылы маусым айында Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалған. Оған дейін үш жарым жылдан астам сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың орынбасары болып, экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын басқарған.

28 наурызда Гүлшара Әбдіхалықова президент жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз