2021 жылдың 20 қаңтар күні Джо Байден Американың ресми түрде 46 президенті болады. Бұл туралы centralasia.media сайты хабарлады.
“Джо Байден АҚШ-тың президенті, ал вице-президенті болып Камала Харрис сайланды. Бұл, сайлау алқасының дауыстарынан кейін нақтыланды.”- деп The Washington Post газеті хабарлады.
Байденге 306, Дональд Трампқа 232 сайлау алқасы мүшелері дауыс берді. Сайлауда жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет.
Сайлау нәтижесінен кейін Джо Байден: “Кезекті мәрте Америкада заңның үстемдігі, конституциямыз және халқымыздың еркіндігі жеңіске жетті” – деп хабарлады.
Жаңа президенттің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.