Ливиядағы қақтығысты реттеу жиыны қалай өтті?

0
85

Ливиядағы қарулы қақтығысты реттеуге арналған Берлин саммитіне қатысушылар Ливияға қару жеткізуге тыйым салу және оны бақылау жөнінде келісімге келді.

19 қаңтарда Берлинде өткен халықаралық конференцияны қорыта келе, Германия канцлері Ангела Меркель кездесу қорытындысын “едәуір ілгерілеушілік” деп атаған.

Кездесудің мақсаты

Ливиядағы билікке таласып жатқан екі тарапты татуластыру. Германиядағы конферецияға Ливияда қақтығысып жатқан екі тарап – халықаралық қауымдастық мойындаған үкіметтің басшысы Фаиз Сарадж бен оның қарсыласы Ливия ұлттық әскерінің жетекшісі Халифа Хафтар келген.

Жиынға кімдер қатысты?

Берлиндегі жиынға Түркия президенті Режеп Эрдоған, Ресей басшысы Владимир Путин, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьері Борис Джонсон және АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да қатысты.

Ливиядағы билікке талас қашан басталды?

Ливиядағы азаматтық соғыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Муаммар Каддафи режимі құлаған соң елдегі фракциялар билікке таласып жатыр. Хафтардың күші елдің шығысын, Сарадж үкіметі ел астанасы Триполи мен оның маңайын ұстап отыр. Соңғы айларды Хафтар елдің біраз аумағын басып алды.

Сарадж билігін Түркия қолдап, жақында Ливияға әскер жіберген. Хафтарды Египет пен БАӘ қолдайды. Хафтарға Ресейден келген жалдамалы әскерлер де көмектесіп жатыр деген ақпарат тараған. Бірақ мұны Мәскеу жоққа шығарып, екі тарапты да қолдамайтынын мәлімдеді.

Саммитте не шешілді?

Саммитке қатысушылар Ливиядағы жанжалдасушы тараптарға әскери қолдау көрсетуді тоқтатуға келісті. Құжатқа 16 ел мен ұйым қол қойды. Келіссөзге қатысушылар Ливияда ұзаққа созылған қақтығыс әскери жолмен шешілмейтіні белгілі болғанын айтты.

Photo: Getty Images

Германия үкіметінің жетекшісі Берлин конференциясы – ұзақ процестің алғашқы қадамы екенін атап өтті.

Жақында ұзақ мерзімді бітімге дайындық үшін алғашқы келіссөз басталуы тиіс. Ол үшін комиссия құрылады, оған Ливиядағы жанжалдасушы тараптардың бес өкілі кіреді, олар: ұлттық келісім үкіметінің басшысы Фаиза Сараджа мен ол үкіметті мойындамайтын генерал Халифа Хафтар үкіметінің өкілдері.

Бұл жөнінде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Берлин кездесуінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында хабарлады. Оның сөзінше, комиссияның алғашқы отырысы таяуда Женевада өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз