Зеленский ораза және құрбан айтты мемлекеттік мереке қатарына қосуға ниетті

0
140
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым татарларымен кездесіп, алдағы уақытта мұсылмандар үшін екі маңызды мерекеге мемлекеттік мәртебе беруге ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Біз әрбір адам өзін Украинаның азаматы ретінде сезінетін мемлекет құрғымыз келеді. Мен әрқайсысы халқының тарихы мен дәстүрін ұмытпаған толыққанды азамат ретінде сезінгенін қалаймын. Біз сіздерді тек сөзбен ғана емес, заң жүзінде де қолдағымыз келеді”, – деді Зеленский.

Украина президенті жақын арада құрбан айт пен ораза айт мерекелеріне мемлекеттік мәртебе беру туралы жарлық шығаратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Украина президенті сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Эмина Джапарованың кандидатурасын ұсынатынын да айта кетті.

Зеленский осыған байланысты, президент кеңсесінің жанынан Қырым татарларының мәселесін шешумен айналысатын жұмыс тобын құруды ұсынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз