Соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады

0
710
Көрнекі сурет.

25 мамыр күні қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.

“Білім саласында осы апта маңызды екендігін естере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалау қажет. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігіне назар аудартамыз. Ал 3-4 маусым күндері барлық 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шараларын ұйымдасқан және талаптарды сақтай отырып өткізуді ұсынамыз”, – деді Шолпан Каринова.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін атап өткен.

“25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткіземіз. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс”, – деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз