Елордалық оқушылар “ақылды үй” функцияларын ойлап тапты

0
664

Елордадағы Нұрорда мектеп-лицейіне астаналық бірнеше мектептің оқушылары жиналып “Хакатон*” марафоны бойынша “ақылды үй” және телеграмм әлеуметтік желісіне бағдарлама функцияларын ойлап тапты. 

Марафонға қатысқан оқушылар кіші сыныптарға (7-8 сынып) және жоғарғы сыныптарға (10-11 сынып) бөлінді. Кіші сыныптар телеграмм әлеуметтік желісіне қызықты боттар ойлап тапса, жоғарғы сыныптар “Arduino” арқылы “ақылды үй” жобасын жасады. Оқушылар екі адамнан 7 топқа бөлінді. Олардың қасында мұғалімдерінен бөлек практикадан Нұрорда лицейінің 11 сынып оқушылары көмектесті.

Кіші сынып оқушылары жасаған телеграмм желісіндегі боттар арқылы неше түрлі кино көріп, өлең тыңдап, интелектуалды ойындар ойнауға болады. Ал үлкен сынып оқушылары жасаған жобада әр түрлі функциялар бар. Мысалы: газ иісі үйге тараған сәтте “ақылды үй” функциясында желдету құрылғысы іске қосылып, есікпен терезе ашылып, дабыл қосылады. Бұдан бөлек ID карта арқылы үйдің сыртқы есігін аша алады.

“Оқушылар “Arduino” негізінде өздері ізденіп “ақылды үй” жасап жатыр. Мақсаты “Alexa” дыбыс көмекшісі арқылы үйді дауыспен басқару. Бұл оқушылардың болашақта қалаған ЖОО-ға түсуіне үлкен көмегін тигізеді.”- деді Нұрорда мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Азат Иссин.

Хакатон* – бағдарлама функцияларын әзірлеу үшін әртүрлі сала мамандарының бірлескен форумы. Кейбір хакатондар білім беру немесе әлеуметтік мақсаттарға арналған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз