Өткен тәулікте 600-ден аса қазақстандық коронавирус жұқтырды

0
100

Қазақстанда өткен тәулікте 602 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 121 653 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

17 қараша таңертеңгі ақпаратта 602 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 221 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 438 адам індеттен жазылып, барлығы 110 382 адамға жетті. Ал, 7 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1952 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 319 адам ем қабылдауда. Олардың 456-сы жас жеткіншек. Стационарларда 3 126 науқас жатыр. 6 193 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 33
Алматы қаласы – 36
Шымкент қаласы – 5
Ақмола облысы – 33
Ақтөбе облысы – 8
Алматы облысы – 24
Атырау облысы – 14
Шығыс Қазақстан облысы – 221
Жамбыл облысы – 6
Батыс Қазақстан облысы – 28
Қарағанды облысы – 20
Қостанай облысы – 57
Қызылорда облысы – 1
Павлодар облысы – 50
Солтүстік Қазақстан облысы – 61
Түркістан облысы – 5

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 49
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 2
Шығыс Қазақстан облысы – 158
Жамбыл облысы – 5
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 70
Қостанай облысы – 10
Қызылорда облысы – 11
Павлодар облысы – 50
Солтүстік Қазақстан облысы – 74
Түркістан облысы – 4

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 23 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 54 адам. Осылайша елде пневмонияны 40 220 адам жұқтырып, 29 634 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз