Шымкентте тағы бір университет лицензиясынан айырылды

0
230
А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті.

Білім және ғылым министрлігі Шымкенттегі академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін лицензиясынан айырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткен тексеруден кейін қабылданған.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да оқу орнын бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарған. Шешім 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы.

Кінәрат оқу үдерісін ұйымдастыру, талапкерлерді оқуға қабылдау, ЖОО-ны оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру төңірегінде шыққан.

Министрліктің мәліметінше, студенттер оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа оқу орындарына ауыса алады. Студенттердің оқу көрсеткіштері басқа ЖОО-ларда жарамды болады. Ақылы негізде оқитындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады. БҒМ өз тарапынан көмектеседі.

“Біз студенттер мен ата-аналардың мұндай шаралар, ең алдымен, студенттердің өздерінің мүдделерін ескере отырып, қабылданатынын түсінгенін қалаймыз. Егер жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, диплом алғаннан кейін болашақ мамандар жұмысқа орналасу проблемаларына тап болуы мүмкін», – деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз