Келесі жылдан бастап түрмедегілердің күндік асы 1050 теңге болады

0
145
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов

2021 жылдан бастап түрмедегі тұтқындардың тамағы 650 теңгеден 1050 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы онлайн брифингте ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жалғас Ешмағамбетов хабарлады.

Ешмағамбетовтың айтуынша келесі жылдан бастап түрмедегі ас мәзірінің тізімі мен сапасы артпақ.

“Сотталғандар да, бостандықтағы азаматтар да аспаз болып жұмыс істей алады. Олар еңбек шартына сәйкес тиісті жалақы алады” – деді Жалғас Ешмағамбетов. 

Ақмола, Алматы облысы және Алматы қалаларындағы колонияларда электронды дүкен бар. Ол арқылы тұтқындар керекті тауарды немесе мейрамханалардағы тағамнан тапсырыс бере алады. Қазір тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларына енгізу үшін қауіпсіз саналатын 400-ден астам тауар түрі бар.

“Оның ішіне тамақ, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешектер кіреді. Тұтқындар мейрамханалардан ыстық тағамға, фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдарына, суши мен пиццаға тапсырыс бере алады. Барлық бағалар қол жетімді. Мұні тіпті сотталушылардың туыстары да қолдана алады. Бұл әсіресе қазіргі пандемия жағдайында тиімді.” – деді Жанат Ешмағамбетов 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз