Қазақстанда пандемия тұсында байығандар

0
464
Нұрәли Әлиев пен Кеңес Рақышев.

Қазақстанда карантин кезінде халық жұмыссыз қалып 42 500 теңгені талғажау етіп жатқанда кей адамдардың қаражаты көбейіп, дәулеті асқан. Бұл туралы forbes.kz-ке сілтеме жасап malim.kz хабарлады. 

Пандемия тұсында байығандар кім?

Иманғали Тасмағамбетовтың күйеу баласы Кеңес Рақышев бақуатты кәсіпкерлер арасындағы тізімде жетінші орынан алтыншы орынға көтерілген. Оның байлығы 280 млн долларға көбейген. Бұрын 610 млн доллары болса, қазір дәулеті 890  млн долларға артқан. Рақышев “Fincraft Group” ЖШС мен “БТА Банк” АҚ капиталының 29 %-на иелік етеді.

Коронавирус қоғамды әбігерге салып жатқанда байғындарды бірі – Нұрәли Әлиев. Елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш жиені былтыр FORBES тізімінде ең бай бизнесмендер арасында 31 орыннан көрінген еді. Оның байлығы 219 млн доллардан  269 млн долларға жеткен. Нұрәли Рахатұлы “Capital Holding” ЖШС-ның иесі әрі “Транстелеком” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Darmen Holding пен Nd Capital қорының акционері.

Қазақстандағы құрылыс саласының алпауыттарының бірі Bazis-A компаниясының қожайындары үшін де пандемия кезі табысты болған. Әкелі-балалы Александр мен Павел БОЛОВИЧТЕР дәулеттерін қосқанда FORBES-тің 7-ші сатысына шығып кеткен. Әкелі-балалы құрылысшылардың байлығы 630 млн доллардан  690 млн долларға өскен. Bazis-A компаниясы басшыларының 77 000  шаршы метрлік коммерциялық жылжымайтын мүліктері бар. Сондай-ақ Өзбекстанда 207 млн долларлық жобалары бар. Биылғы жылдың наурыз айында астанада қала ішінен қала салатындарын жариялаған болатын.

BI Group құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рақымбаевтың да пандемия кезінде қалтасын қалыңдаған. 485 млн АШҚ долларын  514 млн-ға көбейткен. Яғни карантин кезінде құрылысшы кәсіпкер 29 млн доллар пайда тапқан. 2020 жылдың сәуір айында BI Group жиырма күннің ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін стационарлар салды. Маусым айында Шымкент қаласында да салған. Осы үш нысанға мемлекеттік бюджеттен 14 млрд теңге бөлінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз