18 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Тілеуберді бұған дейін осы министрлікті басқарған Бейбіт Атамқұловтың орынбасары болған. Ал Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне ауысты.