Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегі тең аяқталды

0
11
Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жек.

29 қараша күні танымал америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонстың Лос-Анджелесте Staples Center аренасында өткізген жекпе-жегі тең аяқталды.

Жекпе-жек “Аңыздар шайқасы” кешінің басты оқиғасы болды. Кездесу ерекше регламент бойынша, әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды.

Калифорнияның Атлетикалық коммисиясының ақпаратына сәйкес, екі спортшы да миллион доллардан алады.

Атап өтейік, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз