Өз тілімізді білмесек, қалай оқисың? – Президент жаңа кітаптар туралы

0
138
Tengrinews.kz

Бүгін Астанада тұңғыш Президент кітапханасында өткен «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне тәржімаланған 18 кітаптың тұсаукесерінде мемлекет басшысы аталған кітаптарды оқу үшін қазақ тілін жетік меңгеру қажеттігін алға тартты.

«Өз тілімізді білмесек, қалай оқисың мынаны?» деген мемлекет басшысы «Қазақтың тілін жетік білген адам мынаның бәрін түсініп оқиды», – деді.

Сондай-ақ аталған кітаптар қазақ тілін әлемдік деңгейге көтеруге септігін тигізетінін де тілге тиек етілді.

«Композитор, пианино деген сөздердің несі жаман?» – президент терминдер турасында

Бұдан өзге мемлекет басшысы қазақ тіліні тәржімаланған кейбір терминдерге қатысты пікір білдірді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары түрлі аудармалар жасалғанын айтқан президент кейбіреуі тіпті айтуға ұят екенін атап өтті.

«Процент» сөзін тіпті түркітілдес сөзбен емес парсы тіліндегі «пайыз» сөзімен ауыстырған. Мен бұған келіспеймін. Маған марқұм Еркеғали Рахмәдиев «Мен композитор болған едім, енді «сазгер» атандым», деп еді. Композитор, пианино деген сөздердің несі жаман? Бұл халықаралық қолданыстағы сөздер. Пианино сөзін «күй сандық» деп аударған. Жалпы, тілді байыту үшін кейбір сөздерді аударған»,

дейді Н. Назарбаев.

Сөз барысында мемлекет басшысы аталған терминдерді қазақ тіліне тәржімалау міндет еместігін алға тартты.

«Халықаралық терминдер қазақ тіліне кіріксе, ол тек тілді байытады. Әрі сөздердің санын көбейтеді», – деп түйіндеді мемлекет басшысы.


Бүгін Астанадағы тұңғыш Президент кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» жобасы аясында 18 әлемдік масштабтағы оқулықтың қазақ тіліндегі тәржімасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер барысында мемлекеттік тілге тәржімаланған 18 кітап пен оқу-әдістемелік құралдардың таныстырылымы өтті. Аталған оқулықтар қатарында мына авторлардың еңбектері бар: Оксфорд университетінің вице-канцлері Энтони Кенни, Дерек Джонстон, Париж университетінің профессоры Реми Хест, америкалық әлеуметтанушы Дэвид Бринкерхоф Корнелл университетінің профессоры Джордж Ритцерд, Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсон, Дуэйн және Сидней Шультц, америкалық ғалым Дэвид Майерст, макроэкономист Грегори Мэнкьюд, кәсіби білім халықаралық ұйымының жетекшісі Дональд Кураткон, Рикки Грифин, британ философы Карен Армстронг.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз