«Ғарышкер атеист бола алмайды»

0
300

«Ғарышкер атеист бола алмайды» дейді Талғат Мұсабаев өзінің көк сеңгір кеңістікте өткен тәжірибесін ойға алып. Кеңес үкіметі тұсында дүниеге келіп, діннің саяси жағдайларға байланысты ашық насихатталмай, тұсалған заманында өмір сүргенін ойға алған ғарышкер тылсым дүниелерге қатысты оқиға-аңыздарға сенбей өскендігін, бұның бәрін қауесет деп ойлағанын мәлім етті. Дегенмен, «әрдайым ішімде имани түйсік бартын. Бұны әкемнен үйренгенмін» дейді ғарышкер ағынан жарылып. Талғат Мұсабаев ғарыш кеңістігіне аттанған сайын өзімен бірге Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран Кәрімді ала ұшқан. Сол уақытта бұл әрекетінің байыбына барып жатпаса да, қасиетті кітапты өзімен бірге алғаны, ақиқатында, оң әрекет болғандығын жасырмады. «Ғарышкер атеист бола алмайды» деп бастаған әңгімесін ғарышкер басынан өткен мына бір тылсым оқиғамен түйіндеді:

«Мир» ғарыш станциясында кей сәттерде ғарыш кемесінен тыс кеңістікте жұмыс істеуге тура келеді. Сондай бір қауырт жұмыс кезінде кеңістікте жұмыс істеп жүр едім. Станцияның бір бөлігінен екінші бөлігіне өтіп бара жатқан тұсымда белімдегі қауіпсіздік белдігі ажырап кетті. Ал кез келген жағдайға дайындап қойған қосалқы арқан қолымда қалды. Көкке қарай қалықтап кеттім. Ұшы-қиыры жоқ бақылаусыз кеңістікте еркін қалықтап жүрмін. Не істерімді білмей, қатты састым. Кенеттен, белгісіз бір «қолдың» мені станцияға қарай итергенін сездім. Станцияға жақындаған сәтте сонда тұрған арқанның бірінің ұшынан ұстап үлгердім. Ғарыштағы жұмысымыз сәтті аяқталып, Отаныма оралған сәтте өмірімде алғашқы рет «Аллаһу Акбар!» дедім».

 

“Kazakistan.kz” тілшісіне ғарышкер Талғат Мұсабаевтың берген сұхбатынан үзінді, 2010 жыл
Дайындаған: Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз