Дипломат Ғалиевтің лауазымы кеңейді

0
133
Жан Ғалиев/дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тағайындау жасады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», – деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.


Жан Ғалиев 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары елшінің хатшысы, хабаршы кеңесшісі, арнайы тапсырмалар бойынша елші қызметтерін атқарды.

2017 жылдың 31 қазанынан бастап президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Франция республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз