Ақтөбедегі Мәңгілік ел даңғылына Назарбаевтың атын беруді ұсынды

0
120
Photo: visitaktobe.kz

Ақтөбеліктер облыс орталығындағы Мәңгілік ел даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынып жатыр. Енді осыған байланысты демалыс күндері бұл өңірде жаппай қоғамдық тыңдау өткізілмек. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылып отырған даңғыл жаңадан салынған ықшамауданда орналасқан. “Мәңгілік ел” атауын тұңғыш президенттің атына өзгерткен жөн, – дейді белсенділер.

Бұған дейін қала ортасындағы Әбілқайыр хан даңғылының жартысын Елбасының атына бермек те болған еді. Бірақ оны ономастикалық комиссия құптамады. Белсенділер бұл жолы өтінішті “кері қайтара қоймас” деген ойда.

“Елбасы және Мәңгілік ел деген ол бір-бірімен ұштасып жатыр деп ойлаймыз. Сондықтан да бұл көше Елбасының атына әбден лайық. Себебі, Қазақстанның әр қаласында ондай көше бар. Біз қолдаймыз. Бізде де Назарбаев көшесі болсын!”, – дейді белсенді Нарқозы Қартжан. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз