18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күні) А-320 типті әуе кемесінде орындайды.
Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал етеді.