Алматыдағы Әл-Фараби даңғылына 80 км/сағ жылдамдық қайтарылды

0
95

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында сағатына 80 км жылдамдық шегі қайтарылады. Бұл туралы Алматыдағы Қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды.

Шешім көптеген өтініштерге байланысты қабылданды. Барлығы 800 шағым келіп түскен.

“Көптеген шағымдарға байланысты, әкімдік Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолына 80 км/сағ жылдамдықты қайтару туралы шешім қабылдады. Көптеген елдердің тәжірибесіне сүйенсек, олар бұндай шектеуді тек орталық көшелерге ғана қойған. Мәселен, Испанияда айналма жолдарда максималды рұқсат етілген жылдамдық – 120 км/сағ, Мәскеудегі Мәскеу айналма жолында – 100 км/сағ”, – деді әкімдіктегілер.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап Әл-Фараби бағытында жылдамдықты төмендеткен болатын.

“Мамандар мен халықтың негізделген талаптарын ескере отырып, Әл-Фараби, Сайын және Шығыс айналма жолындағы жылдамдық сағатына 60 км-ге дейін шектеледі. Бақылау үшін 142 бекетте камералар орнатылады, жылдамдықты 20 км/сағ дейін төмендету ондаған адамның өмірін құтқарады”, – деген болатын қаланың бұрынғы әкімі.

Ерлан Әукеновтің айтуынша, бірнеше елдерде (БАӘ, Бельгия, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Жаңа Зеландия) жылдамдық шектеулерінің өзгеруіне жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, апаттар саны 8%-дан 40%-ға дейін төмендеген. Мәселен, Минскідегі жылдамдықты шектеудің арқасында бірнеше жыл ішінде өлім мен жарақат алу 6 есеге азайып, Еуропадағы ең қауіпсіз қалалардың біріне айналған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз