15 шілде күні Алматының жарығы қаланы қамтамасыз ететін электр станцияларының біріндегі апатқа байланысты сөнген. Бұл туралы Алматы жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин мәлімдеді.
Қаланың тұрғын үйлері, әкімшілік ғимараттары, ауруханалары және басқа да әлеуметтік объектілері жарықсыз қалды.
“Генерация көздерінде, басқа сөзбен айтқанда, электр станциялары істен шықты. Шамамен 1,5 сағаттан кейін қалпына келтіріледі деп күтілуде. Қазір электр қуатын берудің резервтік схемасы орнатылды, көптеген нысандарда электр қуаты қалпына келтірілді. Жол қиылыстарына жол-патрульдік полициясы қатарынан реттеушілер қойылды. Әлеуметтік нысандар резервті генераторлармен істеп тұр”, – деді Алматы жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.