Апта соңына арналған ауа райы болжамы қандай

0
110

Метеоролог мамандар 18-20 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазақстанда апта соңында жауын-шашын, тұман және желдің күшеюі туралы айтылған.

Алдымен елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, көктайғақ, оңтүстік тарапында жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ал, 19 наурызда Алматы, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Ашық ауа райы тек еліміздің батысында күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз