Арыстық 100 отбасыға баспана берілді

0
67
Photo: turkistan.gov.kz

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген “Баламекен” шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқи отырыңыз: AIU ректоры Арыстық 10 оқушыға грант бөлген кәсіпкерге алғыс айтты

Түркістан облысы  әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен “Верный Капитал” компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыстады.

Қолданысқа берілген екі отбасына лайықталған “дуплекс” типті 50 үй толық аяқталып, ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз