Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдарымен Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейсті қайта ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
25 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана – Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр. Ұшулар А-321 LR типті әуе кемесінде орындалады.
Сонымен қатар, 13 ақпаннан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы және Бейжің қаласы арасындағы рейсті 1 рейстен (дүйсенбі) аптасына 5 рейске дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр. Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде аптасына 5-тен 7 рейске дейін кезең-кезеңімен одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ұшулар А-321 типті әуе кемесінде орындалатын болады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейсінің ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ҚХР азаматы үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толыққанды пайдалануға ықпал етеді.