Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы биыл 13 ақпаннан бастап De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен аптасына жиілігі 3 рейспен жалғасатын Астана – Челябинск маршрутымен тұрақты жолаушылар рейстерін іске асырады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстердің ұлғаюы екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени байланысты одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.
Билеттерді аталған авиакомпанияның ресми сайтынан сатып алуға болады.