Атырау қаласының әкімі Алимұхамед Құттымұратұлы өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлады.
“Бүгіннен бастап мен қала әкімі қызметінен кетемін. Барлықтарыңызға алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңызбен біраз ізгі істер жасадық. Қала өміріне белсене ат салысып, жауапкершілікпен, мейіріммен қарағандарыңыз үшін шын жүректан алғыс айтамын. Өз жұмысымызды сіздердің қалауларыңызбен, ел және облыс басшылығының тапсырмаларымен атқардық. Қаланың көркеюін тілеймін”, – деді Құттымұратұлы.
Ол Атырау қаласының әкімі қызметіне 2018 жылдың маусым айында кіріскен болатын.