Қазақстанда маусым айында ауа райы қандай болады?

0
567

Қазгидромет 2022 жылдың маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Маусым айының басында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жазғы ауа райы сақталады — күндіз +25+33°С, оның ішінде Маңғыстау облысының оңтүстігінде әлдеқайда ыстық болады: +38°С.

Еліміздің батысын қоспағанда, Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай, Жерорта теңізі мен Орта Азияның шығыс жағалауынан келетін ауа массалары, республиканың аумағында өте ыстық ауа райын туындатады, солайша термометр бағандары +28+36°С белгісіне дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жекелеген күндері +40°С дейін көтерілуі мүмкін.

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында — республиканың батысында, содан кейін елдің қалған аумағында жылудың төмендеуі болжанады.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде екпінді жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауылмен қысқа мерзімді жаңбыр ыстық, тұрақты ауа райымен алмастырылады.

“Ескертпе: бір айға арналған ауа райы болжамын кеңес ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады”- делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз