Бірнеше облыста жол жабылып, мектепте сабақ тоқтады

0
104

5 ақпан күні Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты мектептерде сабақ уақытша тоқтады.

Павлодар аймағында ауа температурасы -33 градус болып, желдің жылдамдығы секундына 4 метрге жеткен. Жергілікті білім департаменті облыс мектептерінде алғашқы ауысымда оқитын 1-11 сыныптарда сабақ болмайтынын хабарлады.

Қостанай облысында бірінші ауысымда оқитын 0-9 сыныптарда сабақ тоқтаған. Өңірде ауа температурасы -20-30 градусқа дейін суып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді деген болжам бар.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Семей және Алтай қалаларында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Аталған өңірде ауа температурасы -27 градус болып тұр.

5 ақпанда күшті жел тұруына байланысты Астана-Щучинск және Астана-Атбасар жолдары жабылды. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен.

Ауа райын болжау қызметі Қазақстанның кей аймағында ауа температурасы –45 градусқа дейін төмендеп, қарлы боран соғады деп ескерткен.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз