Сенат төрайымы Дариға Назарбаева мемлекеттік басқаруға, республикалық және аймақтық деңгейдегі өкілді органдар жұмысына әйелдердің қатысуын кеңейту мәселесін көтерді. Бұл туралы Сенат басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде айтқан.
Ол “Nur Otan” партиясының облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдаған және бірқатар кездесулер өткізген.
“Палата төрағасы облыстағы кәсіпкер әйелдермен кездесуде мемлекеттік басқаруға, республикалық және аймақтық деңгейдегі өкілді органдар жұмысына әйелдердің қатысуын кеңейту мәселесін көтерді. Д.Назарбаева кездесуге қатысушыларға отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының жаңа жобасын талқылау туралы әңгімеледі”, – деді Сенаттың баспасөз қызметінен.
“Біздің міндетіміз – әйелдердің мемлекеттік басқаруға, саясат пен экономикаға қатысуын кеңейту. Мәселе кеңінен талқыланып жатыр. Араб елдеріндегі ахуалмен бірге әлемдік тәжірибеде әйелдердің үкіметке, аймақтарға басшылық етуге және депутаттық корпусқа қатысуын квоталауға дейін әркелкі шешімдер ауқымын көрсетіп отыр”, – деп атап өтті Назарбаева.
Сенат басшысы жастар және еріктілер ұйымдарымен кездесуде Жастар жылы аясында өңірде өткен шаралардың нәтижелерімен, сондай-ақ жастарды қолдау жөніндегі облыстық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Оның айтуынша, елдегі еріктілікті ынталандыру мен көтермелеудің нақты тетіктерін заңнамалық тұрғыда бекіту қажет болып отыр.
Бұдан бөлек, Дариға Назарбаева сенаторлармен бірге Әуе қорғанысы күштерінің Т.Бигелдинов атындағы әскери институтында болды.