Екі облыста дауылды ескерту жарияланды

0
86
дереккөзден

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

“Қазгидромет” ақпарына сәйкес, 13 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, тұман болады. Кей жерлерде оңтүстіктен секундына 15-20 м жел соғады, кей жерлерде жел 23-28 м/секундқа дейін ұйытқиды. Петропавлда боран соғады деп күтілуде. Оңтүстіктен секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

Қостанай облысында кей аймақтарда тұман, боран соғады деп күтілуде. Оңтүстіктен секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз