19 қарашада Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен Әзербайжан үкіметінің басшысы Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық желі (ТОБЖ) салу бойынша “Trans Caspian Fiber Optic” (TCFO) салтанатты рәсіміне қатысты.
Трансқұрлықтық жоба Еуропа мен Азия арасында цифрлы телекоммуникациялық дәліз құрады. Каспий теңізінің түбінде ұзындығы 380-400 шақырымға жуық болатын кабель тарту жұмыстарын “Транстелеком” АҚ, “KazTransCom” АҚ және “AzerTelecom” әзербайжан байланыс операторы жүзеге асырады.
Primeminister.kz сайтының хабарлауынша, А. Мамин және А. Асадов екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы, ғарыш және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылаған.
ТОБЖ 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ол кемінде 4-6 терабит/с сыйымдылықпен ақпараттарды жеткізуге мүмкіндік береді.