Ковыльное ауылында кейінгі жылдары ешқандай қылмыс тіркелмеген

0
157
фото: screenshot Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының картасында ішімдіктен бас тартқан тағы бір ауыл бар. Бұл – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округіндегі 5 ауылдың бірі Ковыльное ауылы, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Учаскелік инспектор Дәулет Молдахметовтың айтуынша, ауылдағы тұрғындар саны 405 адамды құрайды. Бірнеше жыл бұрын ақсақалдар ішімдік ішуден бас тартуды ұсынған. Халық бұл бастаманы қолдаған. Кейінгі жылдары жергілікті тұрғындар арасында бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Олардың арасында есепте тұрған тұлғалар жоқ. Тұрғындар балаларды қорқынышсыз ойнауға жібереді, түнде көшеде жүруден қорықпайды, тіпті есіктерін де құлыптамайды екен.

“Көпбалалы отбасыларға барып, интернет-алаяқтықтың және басқа да заң бұзушылықтардың алдын аламыз, абаттандыру ережелерін сақтау, еркін жайылымды болдырмау бойынша жұмыс жүргіземіз. Алайда, масаң күйде жасалған бірде-бір бұзақылық немесе басқа да құқық бұзушылық тіркелген жоқ,” – дейді Дәулет Молдахметов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз