“Нәтиже” сүт фабрикасы тексерілді

0
242
Photo: muftyat.kz

ҚМДБ “Нәтиже” сүт фабрикасында кезекті айлық тексеріс жұмысын жүргізді.

Тексеріс барысында фабриканың барлық жұмыстарында халал стандарт талаптарының сақталуы басты назарға алынған.

Цех бір күнде 80 тоннадан астам шикізат өндіруге қауқарлы. Ешқандай қоспасыз дайындалып, 5-8 күн аралығында қысқа мерзімді сақтауға арналған өнімдердің сақталуында да стандарт талаптарының орындалуы ескерілген. Мекеме өз өнімдерін Қарағанды облысына, Нұр-Сұлтан, Екібастұз, Павлодар қалаларына жеткізетіндіктен, тасымалдау барысының да стандартқа сәйкес келуі қарастырылды.

Сүт өнімдерін өндіру және қаптау барысында замануи және жоғарғы сапалы, әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде  танылған Tetra Pak құрал-жабдықтары қолданылады.

Мүфтият сайтының хабарлауынга, сүт фабрикасының барлық процессінде ҚМДБ халал стандарт талаптары сақталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз