Қостанай қаласының әкімі ауысты

1
468
Марат Жүндібаев. Photo: informburo.kz

24 наурызда Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Қостанай қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.

Бұған дейін қаланы Қайрат Ахметов басқарған. Ресми ақпаратқа қарағанда ол “өз еркімен” қызметінен кеткен. Оның қызметтен кету туралы өтінішін президент әкімшілігі де мақұлдаған.

Қостанай облысының тумасы 47 жастағы Марат Жүндібаев 2020 жылдың қыркүйегінен бері президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған. 2015-2020 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болған. 2013-2015 жылдары Қостанай облысы Лисаковск қаласының әкімі болған.

Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай облысының орталығы Қостанай қаласында соңғы мәлімет бойынша 251 мың адам тұрады.

1 ПІКІР

  1. Ассалаумағалейкүм!!! Мен серпін 2050 бағдарламасымен 2021 жылы бітірдім.Бізге жұмыс тауып беруі керек еді жұмыспен қамту бірақ тауып бере алмады жұмыс жоқ дейді менің дипломым бойынша. Бізге бағдарламамен баспанамен қамтамасыз етесіздерма!!!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз