Бүгін түскі уақыт шамасында Қостанайда газ салдарынан ғимарат қирады. Іздеу-құтқару жұмысы барысында 2 адам аман шығып, 1 адам өлі табылған.
Газ жарылысы болған жер жүк көлігін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат болды.
Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінген.
«Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы біреуі өлі күйінде табылды, оның аты-жөні анықталып жатыр. Іздеу жалғасуда. Ақпарат түсуіне қарай тағы толықтырылады», — төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұған дейін, үйінді астында 7 адам қалып қойғаны айтылған.